ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандар орталық мешітте қонақта болды.
Бүгінде «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы асханада бейсенбі сайын жамағатқа арнап дастарқан жаю дәстүрге айналған. Дәстүрлі басқосудың кезекті отырысында мүмкіндігі шектеулі жандарға, нақтырақ айтқанда, «сөйлеу және есту қабілетінен айырылған» жандар мен зағип жандарға қалалық «Нұр» мешітінің ұстазы Б.Убаев «Шүкіршілік» тақырыбында уағыз айтып, сынақ өмірдегі адам баласының басты мақсаты жайлы түсіндірді. Ұстаздың уағызын өз насихатымен жалғаған Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы қонақтармен бірге Аллаға шүкіршілік айтып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға етті.
Айта кетейік, бұған «сөйлеу және есту қабілетінен айырылған жандар» бейсенбілік дастарқанның тұрақты қонақтары екенін және аталмыш жандарға арналып субаудармашының көмегімен уағыз-насихат жұмыстары жүргізілетінін хабарлаған едік.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
18.01.2019
2672
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру