ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек Ұласқанұлы облысымызға қарасты Шиелі ауданында іс-сапармен болды.
Сапар барысында ауданның орталық мешітінде жамағатпен кездесу өткізді. Сұхбат аясында діндегі татулық, мейірімділік тақырыбында уағыз айтып, бейбіт қоғамның үлгі тұтар тұлғасына айналуға шақырды. Сонымен қатар, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған «Жусан» операциясына қатысты пікірін білдіріп, жат сенімнің жетегінде алданып, исламға, адамзатқа қайшы оқиғалар орын алып жатқан ортадан елге оралған отандастарымызға жанашырлық танытып, қолдау білдірудің маңыздылығын түсіндіріп өтті. Сөз соңында аймақтағы діни ахуал деңгейіне қатысты талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады.
Кездесуден кейін Өкіл имам ауданға қарасты мешіт имамдарына ҚМДБ мен өкілдік қолға алып жатқан біршама жобалардың жүзеге асырылуына бір адамдай үлес қосуларын тапсырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
18.01.2019
2968
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру