Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Өкіл имам Жаңақорған ауданында сапарда

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 17.01.2019 4024 0 пікір
Қызылорда: Өкіл имам Жаңақорған ауданында сапарда

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек Ұласқанұлы Жаңақорған ауданында іс-сапармен болды.

Сапар барысында Талап ауылында бесін намазын, аудандық «Һусамаддин Сығанақи» мешітінде  аср намазын мешіт жамағаттарымен бірге оқыған соң, жамағатпен кездесу өткізді. Жергілікті тұрғындармен сұхбаттасу барысында аймақтағы діни ахуал деңгейіне қатысты талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар,  діндегі бауырмалдық пен көркем-мінезділік турасында насихат айта келе, ауызбіршілігі артып, ынтымағы жарасқан жамағат - әрдайым берекенің ұйытқысы екенін жеткізді.

Кездесуден кейін Өкіл имам ауданға қарасты мешіт имамдарына ҚМДБ мен өкілдік тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс атқарып, қызметтеріне жауапкершілікпен қарауларын тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру