Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: «Жүректен жүрекке» атты шара өтті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай»  мешітінің баспасөз қызметі 17.01.2019 2972 0 пікір
Өскемен: «Жүректен жүрекке» атты шара өтті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бастамасымен Өскемен қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Арнайы мектеп интернатындағы» жас жеткіншектерге қайырымдылық жасалды. Бұл игі істі облыстық мешттің ұстаздарымен наиб имамдары өткізді.

Шара барысында балаларға мультфильмдер көрсетіліп, спорттық керек-жарақтармен тәттілер үлестірілді. Бұл іс-шарадан балғындар ерекше әсер алды.

«Біз мүмкіндігі шектеулі балаларға әркез қайырымдылық жасап келеміз. Оларды қуанту, мейрімділік таныту біздің басты мақсатымыз. Мұндай іс-шара алдағы уақытта барлық қала, аудандарда өз жалғасын табады» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар тарапынан облыстық мешіттің наиб имамы ДосжанТөлегетайұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру