Алматы облысында бақсының емінен кейін көз жұмған 28 жастағы Тұрар Оразалиевтің туыстары емшіге қарсы іс қозғалғанына қарсы шықты.
Дәстүрлі медицинадан шипа болмағандықтан, ақыл-есінің ауытқуынан үш жылдай қиналған жігітті жақындары бақсыға өз еркімен әкеліпті. Алайда, науқас 4 күн бұрын белгісіз жағдайда қайтыс болды, деп хабарлады «Алматы» арнасы.
Полиция дерегінше, Шамалған ауылының тұрғыны ауыр дене жарақатынан көз жұмған. Алайда емші жігіттің денесіндегі жарақаттарды бұрын да байқағанын айтады.
63 жасында жын кірген жанды емдеймін деп басы дауға қалған Әбдікәрім ақсақал құсбегілікпен айналысады екен, бірнеше күн қамалған соң, қолхатпен бостандыққа шығыпты.
Ал жігіттің туыстары Тұрарды үйде байлап ұстағандарын, ол өзінің саусағын да шапқанын, көліктің астына да жүгіргенін баяндады.
Жігітті жақындары Талғардағы жүйке аурулары ауруханасына да жатқызған.
Марқұмның туыстары медицинадан медет таппаған соң, бауырларын қырықтан астам емші мен молдаға апарып емдеткен.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.kazislam.kz
17.01.2019
3465
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру