ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде молдалар жиыны өтті.
Жиынның басты мақсаты аймақтағы молдалық қызметті бірізділікке қойып, қадағалауды күшейту болып табылады.
Аталмыш жиынға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек Ұласқанұлы, қалалық мешіт бас имамдары мен молдалары қатысты. Жиын барысында Өкіл имам діни рәсімдер мен жөн-жоралғыларды жүзеге асырудағы молдалық қызметтің маңызы мен жауапкершілігін түсіндіре отырып, асыл дінімізді көркем түрде насихаттау, мәртебісін биік ұстау - мұсылманның міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Және де «тазалық», «мінез-құлық», «жинақылық», «сауаттылық», «сөз саптау» секілді молдаларға қойылатын негізгі талаптардың сақталуы ескертілді.
Сонымен қатар, алдағы уақытта облыстағы молдаларға арналған арнайы оқыту курсы ұйымдастырылып, білім жетілдіру сабақтары өткізілетінін хабарлады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.
16.01.2019
3006
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру