Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚОСТАНАЙ: Рудныйда жұмыскерлерге дастархан жайылды

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 16.01.2019 2606 0 пікір
ҚОСТАНАЙ: Рудныйда жұмыскерлерге дастархан жайылды

Өткен жұма күні Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен маңызды шара өтті. Бұл күнделікті күн шыққаннан, батқанға дейін және мереке күндері де тынбастан еңбек ететін «Рахат» ЖШС жұмыскерлеріне арнайы дастархан жайылды.

Әркүн қаланың көркіне көрік қосып, қыстың қатты аяздарында өздерінің күндедікті міндетін толық атқарып жүрген жандарға мешіттің бас имамы Азамат Серікбайұлы халық атынан алғысын жеткізді. Сонымен қатар Ислам дініндегі тазалықтың маңызын түсіндіріп, көркем уағыз-насихат айтты.

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар, «Дін-бұл тазалық» — деп бұйырады. Сыртқы тазалық адамзат баласын өркениеттілікке жетелейді. Сондықтанда Ислам дінінде тазалыққа орасан зор көңіл бөлінетіндігі белгілі.

Осындай тазалықты сақтап, жаздың аптап ыстығында да, қыстың қақыраған суығында да қаламыздың сәнін келтіріп  жүрген «Рахат» ұжымының жұмысшыларына Алла береке беріп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық нәсіп етсін.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру