Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар имамдарының жыл басындағы алқалы жиыны

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ 15.01.2019 2780 0 пікір
Павлодар имамдарының жыл басындағы алқалы жиыны

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала, аудан, кент  мешіті имамдарының  2019 жылы алғашқы алқалы басқосуы болды. Басқосуда өкіл имам Жолдас Қоспақұлы өкілдіктің  өткен жылғы аздаған жетістіктеріне тоқтала келе,  2019 жылы  атқарылатын іс-шаралар жоспары, алға қойған мақсаттары туралы имамдарға кеңінен таныстырды.  Мұнда, «Жылдың үздік имамы» байқауы  арнайы жоба ретінде жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын табады,  сонымен қатар «Нұр Мүбарак» университеті және медреселерге шәкірт дайындау, зекет,  жат  ағыммен жұмыс, Рамазан айы және Құрбан айтта ұйымдастырылған шаралар бұл байқаудың негізгі көрсеткіштері болатынын баса айтты. Сондай-ақ халал сертификаттау жұмысы, 2018 жылдың аяғында облыс халқына жасаған үндеу бойынша марқұмдардың қырқы, жылында берілетін «Қонақасы» атты ысырапты тізгіндеу ісі де берілген тапсырмалардан  қалыс қалған жоқ.

2019-Жастар жылына орай мешіттер тарапынан арнайы бағдарлама бойынша атқарылатын ауқымды шараларды жоспарлап-жобалау, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітітмен бірлесіп атқаратын мәдени-рухани-иләһи іс-шаралардың тізімін жасап, бірлесіп атқару қажеттігі имамдарға ерекше ескертілді.

Қала, аудан, кент имамдарының пікір-ұсыныстарына құлақ түре отырып алдағы меже туралы пәтуалар жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру