Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Жамағатпен жүздесу» айлығы басталды (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 14.01.2019 2603 0 пікір
ШҚО: «Жамағатпен жүздесу» айлығы басталды (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі қаңтар және ақпан айларын өңір бойынша «Жамағатпен жүздесу» айлығы деп жариялады. Айлық аясында облыстық мешіттің имамдарымен ұстаздары өңірдің аудандарын аралап, жамағатпет жүзесіп, ҚМДБ «Ғұламалар кеңесінен» қабылданған пәтуаларды таныстырып, кездесулер өткізе бастады.

Алғашқы жүздесу Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі «Мұса баба» мешітіндеболып өтті. Басқосуда имамдар жиналған жамағатқа жат ағымдардан сақтану жайлы тұщымды уағыз-насихат айтып, сауалдарға жауап берді.

Басқосуға жиналған ел ағаларына қасиетті Құран кітабы таратылды. Жиында Ұлан ауданының бас имамы С.Сметов ауданда атқарылып жатқан шаралар туралы да айтып өтті.

«Біз бұл айлық аясында аудандарды аралап, түйткілді мәселелерді талқылап, халықпен жақын араласып жұмыс жасауды мақсат етіп отырмыз. Өкілдіктің ағымдағы жылғы атқаратын жылдық жоспарының асында бұл жұмыс басталды» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру