Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Өкіл имам жылды қорытындылап, биылғы жоспармен таныстырды

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 14.01.2019 2523 0 пікір
Ақтөбе: Өкіл имам жылды қорытындылап, биылғы жоспармен таныстырды

Жақында ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында Ақтөбе мешіттерінің бас имамдары мен аталмыш мешіт ақсақалдар алқасын жинап, өңірдегі өткен жылы ақтарылған іс-шаралармен таныстырды.

Бас имамның есебінде алдымен Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың өңірімізге іс-сапармен келуін тілге тиек етті. Облыс ауқымындағы атқарылған уағыз-насихат жұмыстары, ЖАНТ жұмысы, оқу-ағарту, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық шаралары, аудандық мешіттердегі мешіт жамағатының спорттық жарыстардағы белсенділіктері, жазғы дәріс беру кезеңдері, діни мерекелердегі, атап айтсақ Рамазан айт, құрбан айттағы іс-шаралар, РАНТ мүшелерімен кездесу жұмыстары жайы қамтылды. Сонымен қатар облыстағы жаңа мешіттердің бой көтеруі мен мешіттердегі жөндеу жұмыстарының нәтижелі аяқталғанын айтып өтті.

2018 жыл Ақтөбе өңірінде ауылды жерлерде діни мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешу қарқынды жүзеге асты.

Қоғамдағы белең алып отырған діни ағымдарға тосқауыл қою, жастарды имандылыққа тарту, білікті де білімді шәкірттер даярлау, айтылатын уағыздарды халыққа мағыналы түрде жеткізу, имамдардың білімдерін көтеру мәселелері де назардан тыс қалмады.

БАҚ жұмысына тоқталған өкіл имам, «nurgasyr.kz» діни сайты мен әлеуметтік желілердің жұмысына кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар 2019 жылы ақсақалдар алқасының алдына бірақатар жұмыстар қойылды. Солардың қатарында Ақтөбе қаласынан жаңадан салынатын медресеге қаржы жинау, діни рәсімдерді бірізділікке түсіру мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Бас имамның есебінен соң, ақсақалдар сөз алып, жасалған жұмыстарға оң баға берді. Алдағы күннің еншісіне нақты іспен орнығатынын, ата дініміздің мерейі мен беделін көтеретін жоспарлар құрып, елеулі жұмыстар жасалатыны бекітілді. Жиын соңында дін саласындағы кейбір мәселелердің күрмеуін шешу бағытында, дінге қызмет ету жолында абыройлы еңбек еткен азаматтар мен алқа мүшелеріне бас имам Т.Оспан алғысын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру