11 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – Бас мүфти «Нұр Астана» мешітінде жұма уағызын өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі
Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Астана қаласындағы «Нұр Астана» мешітінде «Татулық пен бірлік» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.
Бас мүфти береке-бірлікте болудың маңызына тоқталды:
لَّا خَيْرَ فِي كَثِيرٍ مِّن نَّجْوَاهُمْ إِلَّا مَنْ أَمَرَ بِصَدَقَةٍ أَوْ مَعْرُوفٍ أَوْ إِصْلَاحٍ بَيْنَ النَّاسِ ۚ وَمَن يَفْعَلْ ذَٰلِكَ ابْتِغَاءَ مَرْضَاتِ اللَّهِ فَسَوْفَ نُؤْتِيهِ أَجْرًا عَظِيمًا
Яғни, пендешілік қылып кісінің артынан ғайбат айтып, түкке татымайтын кикілжіңдер үшін өкпе-назға беріліп, ашуға барып жататын жағдайлар болады. Бұлардың ешқайсысында қайыр жоқ. Қайыр неде бар? Аят бойынша;
Бірінші, садақада қайыр бар. Садақа деген қолдағы ақшаны біреудің қолына ұстата салу емес. Қайта, шынайы, жүректен, көңілден ықыласпен болған дүние. Жол көрсетсеңіз де, жылы сөз айтсаңыз да, адамға қол ұшын берген әр ісіңіз садақа боп саналады.
Екіншісі, біреуді тура жолға бастауда қайыр бар. Яғни, жора-жолдастарыңыздан, жақындарыңыздан бір қателіктер кетіп жатса, соны түзетсеңіз, жақсы мен жаманның аражігін ажыратып айтқан болсаңыз, сол істе көп жақсылық болмақ.
Үшінші, адамдарды өзара татуластырып, бірлікке, ынтымаққа шақыруда қайыр бар.
Осылайша, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мешітке келген елордалық жамағатқа мұсылмандардың асыл қасиеті болған береке-бірліктің мәні мен маңызын жеткізіп, намаз соңында елдің амандығы, жұрттың тыныштығы үшін дұға жасады.




















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.ummet.kz
11.01.2019
3165
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру