Бүгін Алматы қаласы Орталық мешітінде «Жүректерге жылу сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясы болып өтті. Акция Алматы Орталық мешіті жанындағы «Ихляс» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен және кәсіпкер, "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергеннің тікелей атсалысуымен өтіп, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді.
Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамдары Дулатбаев Жорабай және Ермек Көкірекбаев аталмыш шараның маңыздылығына тоқталып, мұндай сауапты істердің қоғамдық маңызы зор екенін айтты. Сондай-ақ, жақсы іске бас болып жүрген кәсіпкер Қайрат Құдайберген де әлеуметтік көмек алған жандарға көңіл сергітерлік сөздерін жеткізді. Мешітке келіп жүректері жылылыққа кенелген қала тұрғындары да мешіт қызметкері мен қолы ашық азаматтарға ризашылық сезімдерін білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
09.01.2019
2949
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру