Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан облысы: Балалар Құран Кәрімді жатқа оқудан жарысты

Түркістан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 03.01.2019 2859 0 пікір
Түркістан облысы: Балалар Құран Кәрімді жатқа оқудан жарысты

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Шардара ауданы Ақалтын ауылдық мешітінің бас имамы Ербол Жүсіпәлиевтің ұйымдастыруымен Құран жарыс өтті. Оған аудандағы мешіттердегі діни сауат ашу курстарында оқып жатқан ұл жəне қыз балалар қатысты.

Сайыскерлерге Құран Кәрімді І - парадан жатқа оқу талабы қойылды. Негізгі мақсат-жастардың Құранды жаттауға деген ықыласын арттыру. Аталмыш сайысқа 70 шәкірт қатысты.

Қатысушылардың Құранды жатқа оқумен қатар, дыбыстарды қатесіз айтуы басты назарға алынды. Құран Кәрімді 1-парадан жатқа оқудан:

І - орынға А.Абдуссодиқ (50 000 теңге сыйақы),

II - орынды Е.Холид (40 000 теңге сыйақы), IIІ - орынды А.Мұратов (30 000 теңге сыйақы) иемденді.

Жарты парадан:

І - орынды Шардара ауылы «Шардара» мешітінің шәкірті К.Мейіржан (30 000 теңге сыйақы),

ІІ - орынды Шардара ауданы Ақалтын ауылы «Ақалтын» мешітінің шәкірті Ы.Нұрбек (20000 теңге),

ІІІ - орынды Шардара ауданы Ақалтын ауылы «Ақалтын» мешітінің шәкірті Т.Нұралиев (10000 теңге) иеленді.

Он сүреден:

І - орынды «Ақалтын» мешітінің шәкірті Ы.Ерасыл (20 000 теңге сыйақы),

ІІ - орынды Шардара қаласы «Әбу Мансур әл - Матуриди» мешітінің шәкірті - А.Рамазан (10000 теңге), ІІІ - орынды Сүткент ауылы «Асылхан ата» мешітінің шәкірті Н.Смағұл (5000 теңге) иеленді.

Жарысқа қатысқан шәкірттерге сертификат табыс етілді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында турникке тартылудан, қошқар көтеруден жарыстар өткізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру