Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласы «Әйел-қыздар» секторының жылдық қорытынды есеп жиналысы өтті

azan.kz 30.12.2018 3814 0 пікір
Алматы қаласы «Әйел-қыздар» секторының жылдық қорытынды есеп жиналысы өтті

Кеше Алматы қаласы Орталық мешітінде қалалық «Әйел-қыздар» секторының жылдық есеп беру жиыны өтті. Оған қала мешіттерінің 26 ұстазы қатысып, аталған бағыттар бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебімен таныстырды. 
 
Жиын барысында сөз алған Алматы қаласы Орталық мешітінің ұстазы Г.Жұлдызбай есеп беру отырысына келген ұстаздарға жиынның мақсат-міндеттерін түсіндірді. Сегіз ауданның жыл бойы атқарған істері, жасаған қайырымдылық шаралары бойынша есептік баяндамалар оқылып, қосымшалары слайд арқылы көрсетілді. 
 
Жиынның қорытындысында еңбегімен ерекше көзге түсіп, тындырымды істердің басы-қасынан табыла білген төрт ұстазға Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек Керімбекұлының атынан алғыс хаттар табысталды. Басқосудың соңында өткен жылдың есебіне оң баға беріліп, тиісті сын-ескертпелер де айтылды. Сондай-ақ, жиынға қатысқан «Әйел-қыздар» секторы мүшелеріне келер жылы атқарылуға тиісті тапсырмалар мен міндеттемелер берілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру