Қазақ зағиптар қоғамының облыстық филиалы жанында жаңа қондырғылармен жабдықталған цех жұмысын бастады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
Сонымен бірге, цехте термопластавтомат қондырғысы орнатылды. Ол әртүрлі пластикалық бұйымдарды шығаруға арналған. Оның көмегімен өнім шығару алдағы уақыттың еншісінде. Зағиптар қоғамы барлық модернизациялық жұмыстарды өз қаражатына өткізгенін айта кеткен жөн.
Ораз Байғожиннің айтуынша, кәсіпорын бұдан бөлек арнайы тапсырыс бойынша Алюминий зауытына фильтрлер шығарумен айналысады. Ол фильтрлер зауыттың тазалау қондырғыларында пайдаланылады. Сонымен бірге, Зағиптар қоғамының жұмыскерлері төсек-орындар да шығаруға мүмкіндігі бар. Жеке тапсырыстар да орындалады.
Кәсіпорында 87 адам еңбек етеді. Олардың жартысынан көбі көру көру қабілеті бұзылған азаматтар.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
baq.kz
29.12.2018
3100
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру