Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Өкіл имам жаңа уақыт белдеуіне байланысты сұрақтарға жауап берді

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 28.12.2018 3004 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Болатбек Ұласқанұлы «Qyzylorda» телеарнасының «Дін мен діл» бағдарламасына «Уақыттың қадірі» тақырыбында сұхбат берді.

Сұхбат барысында бос уақытты тиімді пайдалану, өлшеулі өмірдің санаулы сағаттарын ақыреттік өмірге азық жинаумен өткізу, кәрілік жетпей тұрып жастық шақтың қадірін білу туралы ғибратты насихат айтылып, өмірлік мысалдар келтірілді.

Сонымен қатар, Елбасымыз Н.Назарбаевтың жарлығымен 21-желтоқсаннан бастап Қызылорда облысының UTC +6-дан UTC +5  уақыт белдеуіне көшуі себепті өзгертілген намаз уақыттарына қатысты мешіттерімізге толассыз түсіп жатқан бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру