Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Арафат» кафесіне ҚМДБ халал сертификаты табысталды

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 28.12.2018 3981 0 пікір
Қызылорда: «Арафат» кафесіне ҚМДБ халал сертификаты табысталды

Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы қасиетті жұма күнінде «Ақмешіт-Сырдария» орталық  мешітіне жиылған барша жамағаттың алдында  өкілдіктің 2018 жылы атқарған шараларының қысқаша есебін баяндаған соң, «Арафат» кафесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «халал» сертификатын табыстады.

«Байманова» ЖК «Арафат» қоғамдық тамақтану орны ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның тексерісінен өту барысында 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды.

«Байманова» ЖК, «Арафат» кафесі

ҚР, Қызылорда қаласы, Шұғыла мөлтек ауданы, 4

Тіркеу номері №000250

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру