ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен кезекті қайырымдылық шаралары өтті.
Желтоқсан айы бойы облыс мешіттерінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесінің құрметіне орай азық-түлік тарату, желтоқсан құрбандарының атынан мал шалып, ас беру секілді қайырымдылық шараларын өткізу өз жалғасын табуда.
Аталмыш шаралардың біріне тоқталар болсақ, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ұйымдастыруымен бейсенбі сайынғы жамағатқа жайылатын дастарқан басында сөйлеу және есту қабілетінен айырылған 30 жанға тәттілер салынған сыйлықтар таратылса, жұма күні 20 отбасыға азық-түлік таратылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
28.12.2018
3584
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру