Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: "Араб тілі" орталығының шәкірттеріне сертификат табысталды

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 28.12.2018 3321 0 пікір
Қызылорда: "Араб тілі" орталығының шәкірттеріне сертификат табысталды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты  "Араб тілі" орталығының ер шәкірттеріне сертификат табысталды.

Биылғы жылы облыстық "Ақмешіт-Сырдария" мешіті жанынан ашылған аталмыш орталықта 15-ке жуық әйел, 11 ер араб тілінің қыр-сырын меңгеруде. Бүгінде әйелдер екінші деңгейге көшкен болса, күні кеше ерлер  "Араб тіліне алғашқы қадам" курсын тәмамдап, бағалау сынағын үздік тапсырды. Емтихан нәтижесі бойынша 11 шәкіртке сертификат табысталып, келесі деңгейге өтті.

Сонымен қатар, "Әйелдер-қыздар" секторының ұйымдастыруымен мешіттерде өткізіліп жатқан сауат ашу курстарының 4-ші тоқсанында білім алған шәкірттер орталық мешітте жалпы емтихан тапсырды. Сынақ қорытындысы бойынша 10 шәкірт жоғары бағаға ие болып, барлығы 48 шәкірт сынақтан сүрінбей өтті.

Сертификат табыстау рәсімінде өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы шәкірттерді құттықтап, білім алу жолында таудай талап тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру