Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Ақсай қаласындағы мәуліт кеші

Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі 28.12.2018 3157 0 пікір
БҚО: Ақсай қаласындағы мәуліт кеші

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында  «Парасат» қоғамдық бірлестігі мен Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Жакеновтың ұйымдастыруымен «Адамзаттың асылы хазіреті Мұхаммед» атты мәулет кеші болып өтті.

Рухани шараға Астана қаласынан РАНТ-ның мүшесі,  «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов арнайы қатысып, ғибратты уағыз айтса, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов пен  аудан әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев ақжарма тілектерін жеткізді.

Қайырымдылық  шараларға атсалып жүрген бір топ  азаматқа алғыс хат табысталды.  Олардың арасында  өткен жылы мешіт  ауласына асхана салып берген кәсіпкер Айбек Омаров ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалұлының  алғыс хатымен марапатталды. Асыл дініміз Ислам жайлы танымдық өлең-жырлар айтылды.

Рухани шара соңында  мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, аман-саулық тілесіп тарқасты. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру