Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: 2018 жылы дін саласында қызмет еткен үздіктер марапатталды

ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ «НҰР ҒАСЫР» МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ 28.12.2018 2968 0 пікір
Ақтөбе: 2018 жылы дін саласында қызмет еткен үздіктер марапатталды

Бүгін мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру мақсатында жыл бойы еңбек етіп, осы қызметте үздік деп танылған қызметкерлердің еңбегі бағаланды.

Облыстық дін істері басқармасы мен “Жарық” ақпараттық-консультативтік орталығының” ұйымдастыруымен өңірдегі діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде елеулі үлес қосқан азаматтар мен ұйымдарды марапаттау рәсімі өтті. Облыс басшысының орынбасары М.Тоқжанов марапаттау рәсімін ашып, 8 номинация бойынша 36 азаматты облыс әкімінің және облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Облысымыздың 8 имамы «Үздік діни қызметкер» номинациясы бойынша марапатталды:

  1. Қайрат Дәрменов - Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы.
  2. Нұрбол Смағұлов - Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы.
  3. Сұңғат Сәметов - «Әйтеке би аудандық орталық мешітінің» Бас имамы.
  4. Нұрлан Қырықбаев - «Қарғалы аудандық мешітінің» Бас имамы.
  5. Нұрсұлтан Тұрсынқұлов - Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы.
  6. Айбек Қабиев - Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінің Бас имамы.
  7. Алмат Әли - Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің Бас имамы.
  8. Берік Мұқанов - «Мәртөк аудандық мешітінің» Бас имамы.

2018 жыл бойынша "Үздік ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі" номинациясы табысталды:

Асылхан Темірханов - Ақтөбе қаласы, «Бақытжан» мешітінің Бас имамы.

Жылдың «Үздік теологы» номинациясы иегері:

Ақжарқын Жилисбаева - «Досжан Хазіреті» мешітінің ұстазы.

Бұқара халықты ақпараттандыруда аянбай еңбек еткен «Дін саласындағы үздік интернет ресурс» номинациясының иегерлері:

  1. Индира Ізбасқан - Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы
  2. Анар Кашкинбаева - «Жарық» ақпараттық-консультативтік орталығы» ЖМ координаторы

- 2018 жылы атт жұмыстарына белсене атсалысқан «Үздік қоғамдық бірлестік» номинациясы иегері:

«Шапағат» ақпараттық-кеңес беру орталығының» (Хромтау ауданы) директоры, Хромтау аудандық мешітінің наиб имамы – Марал Иманғали.

Шара соңында барлық қатысушыларға “ҚАЗАҚ” мейрамханасында түскі ас беріліп, жыл бойғы атқарған жұмыстары үшін ұйымдастырушылар тарапынан алғыс-тілектер айтылды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру