Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: «Зекет» қоры мен мешіт ұжымы өнегелі іс жасады

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі www.ihsan.kz 27.12.2018 3364 0 пікір
Қарағанды: «Зекет» қоры мен мешіт ұжымы өнегелі іс жасады

Мәуліт мерекесіне орай №2 мүгедектер үйінде Пайғамбарымыздың мәулітіне арналған мәдени-рухани кеш қайырымдылық негізде өткізілді. Рухани кешті ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» корпоративтік қоры мен Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешіті бірлесіп ұйымдастырды. Салауат айтумен басталған сауабы мол шарада наиб имам Рахматуллаев Алимжан шынайы мұсылманның өмірдегі бейнесі мен пайғамбарымыздың сүннетіне еліктеу, сабыр мен шүкір турасында насихат айтты. Тәттімбет атындағы өнер мектебінің жас өнерпаздары көпшілікті серпілтті.

Мешіт шәкірттері салауат жырын арнады. Мешіт жанындағы діни сауат ашу курсының ақсақалдар тобы осы айдағы хатым Құран сауабын қарттар мекемесіндегі бақилық болғандарға арнап бағыштады.

«Зекет» корпоративтік қорының өкілі Жарымбетов Мұхит жиналған қауымды Мәуліт айымен құттықтап, 30-шы желтоқсан күні Кеншілер мәдениет сарайында өтетін «Пайғамбарлар падишасы» мәуліт мерекесінің билеттерін бір топ кісіге тегін тарту етті. Умра қажылығынан әкелінген үш литр зәм-зәм суын мекеме тұрғындарына сыйлады. Рухани шара соңынан 150 адамға арналған ыстық тағам берілді. Мешіт ақсақалдарының ұйымдастыруымен садақа ниетімен даярланған тіске жұмсақ кондитерлік өнімдер әрбір қарияға таратылды.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру