Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде облыс өкіл имамы Данияр Жұмабаевтың басшылығымен аудан және қала мешіттерінің алқа мүшелерінің және тексеру комиссиясының қорытынды жиналысы өтті.
Жиынға алқа мүшесі құрамына кіретін мешіт ақсақалдары мен мешіт имамдары қатысты.
Бұл жиында өкіл имам Данияр Әлимұхамедұлы биылғы жылы өте үлкен нәтижелі істердің атқарылғанын атап өтті. Өзі бастап барған жиналыстарда аудандардағы және облыстағы алқа мүшелерінің басын қосып, жиналыс өткізіп алқа мүшелерінің міндеттемелерін айқындап берген болатын.
Бас имам Данияр Әлимұхамедұлы осы жылы атқарылған іс-шараларға, мешіттің ішкі және сыртқы қажеттіліктеріне жұмсалған қаражаттың есебін берді:
Биылғы жылы облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде біраз құрылыс жұмыстары жүргізіліп, мешіттің еденіне жылу жүйесі орнатылғанын және алдағы уақытта мешітте де алқа мүшелерінің қолдауымен құрылыс жұмыстары жүретіндігін және мешіттің дыбыстық аппараттарының жаңартылатынын да атап өтті.
Жиында имамдар тарапынан да бірнеше ұсыныстар айтылды, мәселен, Алла разылығы үшін қайырымдылық қорын ашып, жиналған қаражатқа жағдайы төмен отбасыларға баспана алып беру мәселесі қолға алынбақ.
Сондай-ақ, алқа мүшелерінің қолдауымен орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ерлер және әйелдер дәретханасына газбен жылыту қондырғылары орнатылады. Және мешіт жанындағы діни заттар сатылатын дүкендердің орнына арнайы үлкен ғимарат салынып, діни заттар сататын дүкендер сол ғимараттың ішіне орналастырылады. Бұл мәселелер алдағы жылдың еншісіне қалды. Бұл игі бастамаларды алқа мүшелері де бірауыздан қолдады.
Сонымен қатар, осы жиында өкіл имам жылдағы дәстүрге сай алқа мүшелерінің құрамын бекітіп, тексеру комиссия құрамын жаңа мүшелермен толықтырды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.asyldin.kz
27.12.2018
3094
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру