Нұр-Мүбарак университетінде Құран мен ғылым тілі араб тілін меңгеру алғашқы курстан басталатыны белгілі. Осы орайда университеттің тәжірибелі оқытушыларының бірі, араб тіліне жетік, докторант Олжас Шаяхметов Тәрбие жәні дін істері бөлімі қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен семинар сабақта араб тілін меңгеруге қатысты тәжірибесімен бөлісті.
Tәжірибелі араб тілінің маманы Олжас Шаяхметов 2 жыл үзбей негізгі білім қорын қалыптастыру қажеттігін әрі білікті маман болу үшін бір деңгеймен тоқтап қалмай үнемі жаңа ақпараттар, жаңа біліммен толықтырып отыру қажеттігін айтты. Араб тілін меңгерудің артықшылығы, оны жоғары деңгейде игеру үшін күнделікті қандай тәсілдерді қолдану қажеттігін түсіндірді.
Бұл университеттегі оқу бағдарламасынан тыс қосымша семинар-дәрістердің бірі. Студенттер де ерікті түрде қатысып, өздеріне өте пайдалы ақпараттар алғанын айтуда. Оқытушы-докторант Олжас Шаяхметовке Тәрбие және дін істері бөлімі атынан маман Шынар Бақтиярова Алғыс хат табыс етіп, ризашылық білдірді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
26.12.2018
3570
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру