Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы тұрғыны жағдайы нашар адамдарды түскі аспен қамтамасыз етіп отыр

baq.kz 26.12.2018 2996 0 пікір
Алматы тұрғыны жағдайы нашар адамдарды түскі аспен қамтамасыз етіп отыр

Алматылық Расима Темербаева 2019 жылы «Қайырымды түскі ас» жобасын ұйымдастырып, халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін түскі ас беру жолдарын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Қазіргі кезде 134 адамға тегін тамақтануды ұсынып отырған ерікті алдағы уақытта 400 адамды түскі аспен қамтуды көздеп отыр. Оның айтуынша, алға қарай бұл көрсеткішті 1 мың зейнеткерге, ерекше қажеттілігі бар және көп балалы отбасылармен көбейтуді жоспарлауда. Ыңғайлы болу үшін ол қаланың бірнеше тұрғын аудандарында түскі ас таратпақ.

«Мәзір «№5 стол» диетасына сәйкес келеді, өйткені зейнеткерлік жастағы адамдар көбінесе қант диабетінен зардап шегеді. Біз мәзірді әр күн сайын ауыстырып отырамыз. Мысалы, балық котлетін буға дайындаймыз, тауық етін және етті көкөністермен бұқтырып пісіреміз», -дейді Р.Темербаева.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру