ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Астана қаласы өкілдігінің «Астана – мейірімді қала» жобасы іске қосылып отыр. Жоба аясында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері бүгін қала көшелерін аралап, қоғамдық жұмысшы қауымның жүректеріне жылу сыйлауға тырысты. Температура тілшігі 40 градустан төмен құлаған ауа-райында да өз жұмыстарын мүлтіксіз атқарып жүрген жандарға мешіт имамдары ыстық тамақ пен сусын таратып, демеу сөздерімен жандарын жылытты.
Айта кетейік, Астана қаласының өкіл имамы Наурызбай Тағанұлының тапсырмасы негізінде «Астана – мейірімді қала» жобасы қыс бойы жалғасатын болмақ. Бас мешіттен бастау алған мейірімділік акциясы алдағы күндері Астана қаласының барлық мешіттерінде жалғасын тауып, жан жылуымен бөліскен жандар көбейе бермек.
Осы орайда, қала мешіттеріндегі күнделікті уағыз-насихат барысында да имамдар мешіт жамағатын мейірімділікке үндеп, аязды күндері айналамыздағыларға жанашыр болуға шақырып келеді.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
26.12.2018
3620
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру