Ауданның имам, молда, азаншыларына аттестаттацияға дайындық үшін бір ай уақыт берілген-ді. Таңнан Құптан намазына шейін үш күн бойы сынақ тапсырды.
Мешіт қызметкерлерінің Құран, ақида, фикһ ілімі мен компьютерлік сауаттылығы бойынша білімдері сараланды. Сондай-ақ, олар диктант та жазды.
Алғашқы сынақтан 25 имам сүрінбей өтіп, екеуі тапсыра алмай қалды. Жалпы саны 48 дін қызметкері қатысып, екі имам қайта тапсыратын болды. Ал, 5 молда белгілі себептермен аттестацияға қатыса алмады.
Сынақ тапсырушылардың 60 пайызы жақсы дайындықпен келген.
Үздік тапсырған дін қызметкерлеріне ынталандыру сыйлықтарын беру жоспарда.
"Ауданның жыл имамы" атты номинациясын жеңгенін кіші қажылыққа жіберу көзделген.
Діни кадрлар жетіспей жатқан тұста, сыннан сүрінбегені жақсы. Десе де, біліктіліктерін таразылап тұрған да дұрыс. Ол үшін арнайы аттестаттау өткізбесе де тоқсанында немесе жарты жылда бір Құран, ақида, фикһ бойынша тестілеу ұйымдастырылса, имамдар мен молдалардың заман талабынан қалыс қалмауына сеп болар еді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі
25.12.2018
3090
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру