Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТ: Өкіл имам Шымкент және Тараз архиепископымен кездесті

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі  25.12.2018 3444 0 пікір
ШЫМКЕНТ: Өкіл имам Шымкент және Тараз архиепископымен кездесті

Жуырда,  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілі, «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев Шымкент қаласында орналасқан Шымкент және Тараз архиепископы Елевферий (Козорез Юрий Феофанович) мен кездесті.

Кездесу барысында өкіл имам Бақтыбай қажы Бейсенбаев әріптесі Козорез Юрий Феофановичке ұлтаралық және дінаралық ынтымақтастыққа және бейбітшілік пен өзара төзімділік құндылықтарын насихаттауда орасан зор үлесі үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік мерекесіне орай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Құрмет» ордені иегері болуымен құттықтады.

Кездесу аясында атқарылған жұмыстары туралы екеуара әңгімеледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру