Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

06 Мамыр 2026

19 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Әбу Ханифа медресе колледжінің шәкірттері Жарбосынов атындағы урология институтының дәрігері Елдар Найманбайұлымен кездесу өткізді

www.muftyat.kz 25.12.2018 3294 0 пікір
Әбу Ханифа медресе колледжінің шәкірттері Жарбосынов атындағы урология институтының дәрігері Елдар Найманбайұлымен кездесу өткізді

Елдар Найманбайұлы өзінің іс-тәжәрибесін шәкірттермен бөлісе отырып, бүгінгі жиынның тақырыбын Ислам және Медицина деп атады. Сөз кезегінде Адамзаттың жаратылуы бір тамшы судан екенін айта отырып, Ислам мен Медицинаның арасы өте тығыз екенін айтты. Қазіргі таңда асқазанды емдеудің бірден бір жолы ашығу, яғни мұсылмандардың Рамазан айындағы бір айлық оразаның, дүйсенбі және бейсенбі күндегі нәпіл оразаның пайдасын айта отырып, Ислам және Медицинадан бірнеше дәлелдер көрсетті.

Өзінің экспериментінде 16-50 жас аралығындығы ер адамдардың бедеулігі 15% ға жеткенін айтты. Оның себебі әсіресе қазіргі жастар, ересектердің денесінің, аяқтарының жылы ұстамауынан себеп болып отыр деді.  Көпшілік ауратын ерлердің тақырыбы қуық ауруы мен зәр шығару жолдарының бұзылғандығын қозғап өтті.

Соңында Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деп, өз сөзін аяқтады. Шәкірттердің сұрағына Елдар Найманбайұлы толығымен жауап берді және медресе шәкірттері қанағаттанарлық жауап алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру