Маңғыстау облысына қарасты мешіттер арасында шәкірттердің діни сауатын арттыру мақсатында түрлі игі шаралар ұйымдастырылып келеді. Жаңаөзен қалалық мешіті облыстық Құран Кәрім жарысын ұйымдастырды.
Жаңаөзен қалалық мешітінің Бас имамы Маманбаев Қайрат бастаған мешіт ұжымы ұйымдастырған игі шараның Бас жүлдесіне Ұмра қажылығы мен қатар жүлде қоры 350 мың теңгені құрайтын қаржылай сыйлықтар берілді. Мешіт жанындағы сауат ашу курстарында білім алған шәкірттер бас қосып, білімдерін сынады. Облыстың әр ауданынан келген 13 шәкірттің ішінен оқ бойы озық шыққандары марапатталды.
Шара соңында қонақтарға ақ дастархан жайылып құрмет көрсетілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі
24.12.2018
3711
1 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (1)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Arsylan | 25.12.2018 05:35
Толығырақ: Сол күні Жаңаөзеннің екі мешітінде, бірдей уақытта Құран кәрімнен жарыс болды. Жаңаөзен қалалық мешітінде ұлдар арасынан 28, 29, 30-шы пара бойынша, ал "Әбіш қожа" мешітінде қыздар арасынан тек 30-шы пара бойынша жарыс болды.
Бас жүлде - Сырым Исмагулов
1-орын: Мұхаммед Кусаев
2-орын: Амир Бакех
3-орын: Хамит Жаңбыров
3-орын: Нұрдəулет Ермекқали
Көрермен көзайымы: Нұрлыбек Бердібекұлы
Жас қатысушы: Сəтжан Эрджумаев.
Қыздар арасында жарысқа тек 6 адам қатысқан. Оларға да бағалы сыйлықтар табысталды.