Нұр-Мүбарак университетінің Халықаралық қатынастар және маркетинг бөлімінің ұйымдастыруымен университет және өзге де білімге құштар жандарға арнап «Мақсат бар, желание жоқ» деген тақырыпта тренин-семинар өтті. 100-ден аса адамның басын қосқан жиында маркетолог маман Мажит Ғабитұлы тіл үйренудің әлемдік деңгейдегі қағидаларымен таныстырды. Әдетте қазақтың арыла алмай жүрген «кешігу» синдромын ескеріп, халқымыздың қонақжайлылығына сай дастархан жайып, «фуршет» ұсынды. Бірден жылылықты сезіндірген кездесуге келушілерді баурап алған аудиторияның дені жастар болды.
Университетте жаңадан ашылып жатқан «Nur- Mubarak education» шет тілдерін үйрену курстары орталығының мақсаты не? Адам не үшін өзге тілдерді меңгеруі қажет? – деген сауалдарға жауап берген маркетолог Мәжит Ғабитұлы:
- Бәсекеге қабілетті болу;
- Халықаралық сұраныстағы маман болу;
- Ойлау шеңберін кеңейту;
- Мүмкіндіктерді бірінші болып көру... секілді артықшылықтарды түсіндіріп берді.
Өзінің шет елде білім алу кезіндеге қызықты жағдайларды айтып, тәжірибесімен бөлісті.
Тренинг барысында қызықты ойындар ойнатылып, қатысушылардың білім дәрежесін, ойлау қабілеттерінің деңгейлерін анықтап, жеңімпаздарға сыйлық табыс етті.
Қазір ғаламтор мүмкіндіктері артқан ашық қоғамда түрлі тіл меңгерудің қажеттілігі: ақпарат заманы, жаһандану ( Глобализация), шет тілі – әлем тілі, өзгерістер кезеңі жайлы жан-жақты пайдалы ақпараттар берілді. Қатысушылар мұндай терниг-семинарлардың өте маңызды екендігін айтып, болашақта жалғасын тапса деген тілектерін жаудырды.
Ұйымдастырушылар да ұсыныстардың жерде қалмай, келешекте бұдан да қызықты дәрежеде өтетіндігіне уәде етті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Айша КЕҢЕСБАЙ Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
24.12.2018
3143
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру