ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан төрт бағыттың бірі – оқу-ағарту жұмысы. Сонау сахабалар салған, бабалардан жалғасқан оқу-ағарту ісі Мүфтияттың басты бағыттарының бірі. Сондықтан да еліміздегі барлық мешіт-медреселерде оқу-ағарту жұмыстары қарқынды дамуда. Осы ретте, Астана қаласындағы базарға жақын, жұрт көп жүретін жерлердегі мешіттердің оқу-сауатын жандандыра түсу және жамағат арасындағы берекелі байланысты нығайта түсу мақсатында, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымтасыруымен және наиб имамдар мен ұстаздардың атсалысуымен әр түрлі спорттық жарыстар өтікізіліп келеді.
Осыған орай, Қасиетті мәуліт айының құрметіне, Астана қаласы Қазақ күрес федерациясының қолдауымен, «АТЭК» колледжінің спорт залында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің діни сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттер және жамағат арасында 54, 64, 74, 84, +90 келі салмақ бойынша 77 балуан бақтарын сынады. 120-дан астам көрермен белсенді жанкүйер болып, доданың көрігін қыздыра түсті.
Шара соңында наиб Бағзат Ақжол:
Сондай-ақ, айтулы бәскеде жеңіске жеткен балуандарға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітің наиб имамдары Бағзат Ақжол, Серікбол Хаманұлы, Оңғар Хайридинов, және Нұрсұлтан Шамшидин қатарлы имамдар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі
www.sunna.kz
24.12.2018
3444
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру