Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

06 Мамыр 2026

19 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Әбу Ханифа медресе колледжінің шәкірттері Қазақстан Дінтанушылар конгресінің төрағасы Сатершинов Бақытжан Меңлібекұлымен кездесті

www.muftyat.kz 21.12.2018 3406 0 пікір
Әбу Ханифа медресе колледжінің шәкірттері Қазақстан Дінтанушылар конгресінің төрағасы Сатершинов Бақытжан Меңлібекұлымен кездесті

Медресе директоры Маханбет Пірманұлы сұхбат алдында шәкірттерге Қазақстанның тәуелсіздігі алынған жылдан бастап еліміздегі мешіттер мен медреселердің көптеп ашылуын ерекшелеп айтып, сөз кезегін Бақытжан Меңлібекұлына берді.

Кездесу барысында Бақытжан Меңлібекұлы «Қазақстанның Тәуелсіздігі», «Қазақстанның Дін саласындағы жүргізілген саясаты», «Болашаққа бағдар Рухани Жаңғыру» тақырыптарында баяндама жасап, болашақта  имам  болатын шәкірттерге тағылымы мол өсиеттері мен даналық ойларымен, кеңестерімен бөлісті. Әсіресе, Қазақстан ширек ғасырлық тәуелсіз даму барысында мемлекет пен дін арасында, сондай-ақ әртүрлі діндераралық қарым-қатынастар мен бір дін ішіндегі байланыстарда өзіндік тәжірибеге ие болып келе жатқанын, конфессияаралық диалог пен рухани келісімді жетілдіруге қосқан еліміздің үлесін атап өтті.

Сонымен қатар, келешегіміз болған жастарды отанды сүюге, тәулсіздіктің қадір-қасиетіне жете білуге, жалпы халық болып тәрбиеленуге үндеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру