Нұр-Мүбарак университетінің студенттері арасында тағылымды кездесулер жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Әсіресе қыз баланың тәрбиесіне, болашақта әйелдер жамағатымен жұмыс істейтін ұстаздардың білім-білігіне ерекше мән беріп отырған университетте Тәрбие және дін істері бөлімінің Қыздар бөлімі белсенді қызмет атқаруда. Сондай берекелі кездесулердің бірі университет ректорының кеңесшісі Ержан қажы Малғажыұлымен ұйымдастырылды.
Шағын уақытқа жоспарланса да, салмағы көл-көсір кеңес алған студент қыздар әрбір сөзге мән беріп, түртіп алып отырды. Тәрбие және дін істері бөлімінің маманы Шынар Бақтиярова бұл кездесуді студенттердің асыға күткенін жеткізді. Сондықтан тыңдаушылар тапжылмай отырып біршама пайдалы ақпарат, білім жолында бағыт-бағдар алды. Бұндай пайдалы кездесулердің жиі өтуіне өтініш те жасап жатты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
21.12.2018
3084
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру