«Қариясы бардың – қазынасы бар» деген халқымыз. Алайда түрлі тағдыр тезінен қарттар үйін паналаған қариялар да аз емес. Осы орайда Нұр-Мүбарак университетінің шәкірттері Алматы қаласындағы «Ардагерлер үйіне» барып, қазыналы қарттардың хал-жағдайынан хабар алып, мерекелік сыйкәде жасады.
Университеттің Жастар комитеті жанындағы «Ғибрат» үйірмесінің қатысушылары, мәдениет секторы Ерзат Төлеш бастаған бір топ жалынды жастар қарияларға шабытты жырлар оқып, қазақтың қара домбырасымен шалқыта ән салып, ақ сақалды аталар мен ақсамайлы әжелерді әуенге тартып, керемет көңіл-күй сыйлады. Осылайша ардагерлердің ақ батасын алып, тон болмаса да, жол боларлық шағын сыйлықтарымен қуантты.
Қариялар да көңіл бөліп, ғибратты өнерлерін ұсынып, қазақылықтың жолын көксеген өрімдей жастарға ризашылықтарын жаудырып, ақ батасын берді. Қайырымдылық ізгіліктің белгісі болса, жастар бойында қарттарға деген құрмет, ізет жақсылықтың дәнегі екендігінің көрінісі!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
20.12.2018
3077
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру