ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторының ұстаздары мен мешіт шәкірттері Талсуат ауылындағы №2 оңалту орталығы емделушілерін арнайы зиярат етіп, жұмысымен танысып қайтты.
Мешіт шәкірттері қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай рухани кеш өткізді. Қасиетті Құран аяттарымен басталған кеш барысында «Ерназар Мақсұм» мешітінің Бас имамы О.Жидебаев уағыз айтып, қатар келген тәуелсіздік мерекесімен де құттықтады. «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Ш.Садуов пен «Мубарак» мешітінің Бас имамы Н.Махамбетов Мәуліт жырын оқып Пайғамбарға салауат жолдаса, мешіт шәкірттері әсерлі қойылымдарын көрермендер назарына ұсынып, ерекше көңіл-күйге бөледі.
Кештен соң емделушілер мен қызметкерлерге арналып дастарқан жайылып, мерекелік дәм тарту етілді. Сонымен қатар, орталыққа азық-түлік берілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
20.12.2018
3310
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру