Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбелік имам «Шапағат» орденіне ие болды

www.muftyat.kz 20.12.2018 3307 0 пікір
Ақтөбелік имам «Шапағат» орденіне ие болды

Ақтөбе облысы, Алға ауданында 22 жылдан бері бас имамдық қызметін атқарған Әбдрасұлов Әбдіуақыт Әбдікәрімұлы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығымен «Шапағат» орденін алды.

Аты аталған имамның ерекшелігі Алматы қаласындағы Имамдар институтын тәмәмдап, 22 жыл бұрын қазіргі Алға ауданының бас имамы қызметіне тағайындалған болатын. Осы қызметінде халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп қазіргі күнге дейін абыроймен атқарып келеді. Бүгінде халық ұстазына айналған Әбдіуақыт Әбдікәрімұлы 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолынан марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру