Тәуелсіздік мерекесі аясында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің делегациясы еліміздегі жоғары білімнің қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы ат басын тіреді. Құрметті қонақтарды ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов қабылдады. Кездесу барысында қос оқу орын арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты тиімді тарапта дамыту мәселелері талқыланды.
Ректор, профессор Мухаммад әл-Жинди жаңа әріптестікке ерекше ықыласты екендігін, бұл жоғары білім саласында ғана емес, қазақ елінің дамуына да жемісті жобалар беретіндігіне сенім білдірді.
ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов профессор Мухаммад әл-Жинди мырзаға өз алғысын білдіре отырып университеттің жетістіктерімен таныстырып, «Аl-Farabi university smart city», сондай-ақ әлеуметтік жобалардың маңыздылығын атап өтті.
Ғалым Мұтанов:
Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад әл-Жинди университет басшылығына алғысын білдіріп, заманауаи даму қатарында көш бастап келе жатқан Ұлттық университетке өркендей беруіне тілек білдірді.
Келелі кездесу барысында білім мен ғылым саласы бойынша өзара серіктестікті дамыту мақсатында меморандумға қол қойды. Естелік сыйкәделер жасалып, суретке түсті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
19.12.2018
3231
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру