Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Тәрбие тал бесіктен басталады

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 19.12.2018 3371 0 пікір
Қостанай: Тәрбие тал бесіктен басталады

Жуырда Науырзым ауданы орталығындағы «Жамбыл» орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында тәрбиелік іс – шарасы өткізілді. Оны ұйымдастыруға аталмыш білім ордасы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұ.Сағынаев, психолог маман А.Тасанова және аудандық «Түркебай» мешітінің наиб имамы Кенжеғара Әл-Фараби мұрындық болды.

Бұл жиын тәрбиеге тікелей қатысты болғандықтан ұстаздар оқушылардың мектеп қабырғасында өздерін қалай ұстауы, сөйлеу мәдениетін сақтаулары, күнделікті сабаққа дайындықтары, араларындағы достық-сыйластық қарым-қатынастары, мұғалімге деген құрмет, ата-ананы сыйлау этикалары жөнінде әңгімеледі.

Іс-шараға арнайы шақырылған наиб имам Әл-Фараби де басқосқан оқушыларға ата-анаға, ұстазға, досқа деген құрмет, ізеттілік-инабаттылық туралы ұлағатты уағыз айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру