Тәуелсіздік – күш-қуат. Себебі ол арқылы ел иман мен ислам құндылықтарымен қайта қауышты. Өлі нәрсені қайта тірілткендей, тәуелсіздік Алланың берген теңдессіз сыйы, — деп сөзін бастаған ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди тәуелсіздік жайлы жан-жақты мәліметтерді айта келе, қазақ елін осындай ұлық мерекемен құттықтады.
Ал проректор, доцент Қайрат Құрманбаев: «Алланың адамзатқа берген ең үлкен теңдессіз сыйы – тыныштық! Тыныш елде өмір сүру, жан тыныштығына ие болу – нағыз нығмет. Сондықтан ата-бабаларымыздың қанымен, көз жасымен келген бұл тәуелсіздікті бағалап, қадірлеу – әрбір азаматтың міндеті», — деді. Құттықтау сөздерден кейін ең толғанысты сәт, Нұр-Мүбарак университетіндегі өнерлі жастардың шығармашылығы топтастырылған «Жалынды жастардың жүректі жырлары» атты кітаптың тұсауы кесілді.
Бұл тәуелсіздікке университеттің тартуы баршылық. Соның бірі профессорлық-оқытушылар құрамының қызметін бағалау рейтингтік жұмысының қорытындысы бойынша 10 мұғалім озық шығып, оларға сертификат пен сыйлықтар және арнайы сыйақы берілді. Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, пед.ғыл.к. Гүлдархан Рысбаева, Исламтану кафедрасының оқытушысы PhD, қауымд.проф. Шамшат Әділбаева, Дінтану кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымд.проф. Қалмахан Ержан, PhD, қауымд.проф. Әлия Төлегеновалар алдыңғы топта. Бұл марапаттан кейін проректор, доцент Қайрат Құрманбаев университеттің әкімшілік саласында бірқатар қызметкерлеріне Алғыс хат табыс етті. Сондай-ақ Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Жалғас Сандыбаев пен Тәрбие және дін істері бөлімінің меңгерушісі Оралхан Сейдманов мырзалар өз салалары бойынша белсенді әрі озық студенттерге марапаттар табыс етті.




















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
nmu.kz
17.12.2018
4333
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру