Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

QS: ҚАЗҰУ ШЫҒЫС ЕУРОПА ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ 20 ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕР ҚАТАРЫНА ЕНДІ

ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті, мәдениеттану және дінтану кафедрасының 2-курс PhD докторанты Ернар Мәжен 16.12.2018 3993 0 пікір
QS: ҚАЗҰУ ШЫҒЫС ЕУРОПА ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ 20 ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕР ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық QS (Quacquarelli Symonds) рейтингісінде Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы 20 үздік университеттер қатарына енген Қазақстан ЖОО арасында бірінші білім ордасы атанып, әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде жоғары бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Рейтинг сауалнамаларында университеттер тарапынан жүргізілген академиялық зерттеулердің саны және әлемдік беделі ескерілді.

Рейтингте ҚазҰУ 19-шы орынды иемденді. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның үздік 300 жоғары оқу орындарының қатарына қазақстандық 25 ЖОО ғана енді.

https://www.topuniversities.com/university-rankings/eeca-rankings/2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайтын, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан ЖОО Басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Қызметтер пен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты атанды. Біздің университетіміз Халықаралық университеттер Ассоциациясының мүшесі және Еуразиялық университеттер Ассоциациясының ұйымдастырушысы. Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ЖОО-лары арасында тұңғыш болып Болон қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды, ИСО 9000:2000 халықаралық стандарттар талабы негізінде сапа мененджмент жүйесіне сай (СМЖ) халықаралық сертификаттаудан жемісті өтті және IQNET Халықаралық сертификаттау жүйесі сынды ең ірі әлемдік сертификаттау орталығының куәлігін иеленді.

Университет жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңестігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталатын кең көлемдегі білім, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндіруші негізге ие.

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім және ғылым ордасы.

Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 30-ға жақын Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан астам Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 45 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек етеді. Университетте 25 мыңнан астам білімгер мен көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша магистранттар білім алуда. Бакалавриатта - 87, магистратурада – 98, докторантурада – 83 мамандық бар.

ҚазҰУ-да 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу
институты және орталықтар, технопарк жұмыс істейді

ҚазҰУ тәжірибе жүргізу мен білімгерлермен алмасуда және заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыруда әлемнің ең ірі 400-ден аса халықаралық жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру