«Әбу Ханифа» медресе колледжінің студенттері Алматы қаласындағы Ғылым ордасымен танысып қайтты. Танысу барысында музей қызметкерлері Ғылым ордасының ғимараты 1957 жылы сәулетші Алексей Викторович Щусевтің жобасы бойынша салынғандығын әрі ғимараттың сәулетінде классикалық сарын және қазақ ұлттық нақыштағы элементтердің пайдаланылғанын айтты. Соған қоса медресе шәкірттері Ғылым ордасында орналасқан төрт түрлі мұражайға экскурсия жасады. Олар: «Табиғат музейі» мен «Археология музейі», сондай-ақ екі жаңа – «Сирек кездесетін кітаптар музейі» мен «Қазақстан ғылымының тарихы музейі». Шәкірттерге әсіресе сирек кездесетін кітаптар музейінде орналасқан бұрынғы араб тілінде жазылған кітаптар ерекше көңілдерінен шықты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Әбу Ханифа» медресе колледжінің баспасөз қызметі
14.12.2018
3279
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру