Тәуелсіздік күнінің қарсаңында əлеуметтік жағдайы төмен, асыраушысынан айырылған, сондай-ақ кембағал жаны бар отбасыларға көмек көрсетілді.
Түркістан облыстық мешітінің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасын атымтай жомарт азамат демеушілік етті.
30 отбасына ұн мен күріш, сұйық май, тәттілер үлестірілді.Өкіл имам Мұсабек Ақтамберді кәсіпкер азаматтың кәсібіне береке тілеп, мұқтаж жандарға Алла Тағаладан жəрдем сұрады. Көмек алған жандар алғыстарын айтып, ақ батасын ақтарды.
Айта кетелік, аталған қайырымдылық іс-шарасына демеушілік еткен Саухан Жүсіпбеков ағамыз қайырымдылық шараларды дәстүрге айналдырған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі
14.12.2018
2922
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру