Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент:  Өкіл имам «Сайрам жәми» мешітінің Алқа мүшелерімен кездесті

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 12.12.2018 3452 0 пікір
Шымкент:  Өкіл имам «Сайрам жәми» мешітінің Алқа мүшелерімен кездесті

Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы бастаған бір топ қызметкерлер Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабында орналасқан «Сайрам жәми» мешіті жанындағы Алқа мүшелерінің жұмысымен танысты.

Кездесуге ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев, наиб имамдар М.Естеміров, Ә.Сертай, Н. Тасходжаевтар Ардагерлер кеңесінің және «Сайрам жәми» мешітінің Алқа мүшелері мен мешіт жамағаты қатысты.

Кездесу барысында Сайрам тұрғын үй алабына қарасты 25-тен астам мешіттердің күнделікті тыныс-тіршілігі, есеп-қисап, кіріс-шығыс мәселелері төңірегінде өрбіді.

Мұнымен қатар, мешіттердегі уағыз-насихат, діни сауат ашу курстарының барысы дамыту туралы нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру