Шараға шағын шаһардағы №1 орта мектептің оқушылары белсене қатысып, жалғыз басты қариялардың үйлеріне барып, ұлдар ауланың қарын күреп, от жағысып, қыздар үй ішінің тазалық жұмыстарына жәрдемдесті. «Жасыратыны жоқ, қазір балалардың көбі, балалар түгілі ата-аналардың дені ұялы телефонға шұқшиятыны белгілі. Одан қалса, теледидарға телміреді. Қозғалыс, қимыл аз. Ал таза ауада қолға күрек алып, маңдайдан тер тамшылап, еңбек етудің ләззатын сөзбен жеткізу қиын шығар. Сондықтан оқушыларымызды осы акцияға қатыстыруды жөн көрдік. Бұл бір жағынан, оларды еңбекке баулу, екінші жағынан, тәрбие. Үлкендерді құрметтеуге үйрету», - дейді оқушыларын акцияға апарған ұстаз Балжан Ахметжанова.
Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Медет Мырзыкешов №1 орта мектеп оқушыларының өткізген қайырымдылық шарасы өзгелерге үлгі боларлықтай іс болғанын айтады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан» Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы
www.egemen.kz
12.12.2018
3371
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру