Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти Сыр имамдарына семинар өткізді

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 11.12.2018 2850 0 пікір
Наиб мүфти Сыр имамдарына семинар өткізді

ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістандағы кеңсе басшысы Әділбаев Алау мырза Сыр имамдарымен кездесті. Облыстық Мәуліт кешінен соң «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің кітапханасында қала және аудан мешіттерінің бас имамдарының қатысуымен  семинар болды.

Семинар барысында наиб мүфти Алау Шайқымұлы мәуліт мерекесімен құттықтай келе, пайғамбар өмірінен үлгі-өнеге аларлық мысалдарға сүйене отырып, үнемі ізденіс үстінде жүретін, көркем мінезділік пен көрегенділікті бойына сіңірген, бірнеше ғылым мен технологияны меңгерген, жамағатты бірлікке шақырушы, қоғамда ойып алар орны бар тұлғаға айналу - имамның өмірлік мақсаттарының бірі болу керектігін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, көпшілікке уағыз-насихат айтудың қыр-сырларына тоқталып, жеке тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында аймақтағы діни ахуал тұрақтылығын сақтауда жауапкершілігі мол имамдық қызметті абыроймен атқарып жүрген имамдарды алғыс хатпен марапаттады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру