«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігі «Діни кадрларды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығындағы» діни кадрлардың біліктілігін арттыру курсына келген имамдар кеше Тұңғыш Президент кітапханасына барып, Елбасының балалық, жастық шағымен танысып, отбасына қатысты мағлұматтар алды. Қазақта «үйдің жақсылығы ағашынан, жігіттің жақсылығы нағашыдан» дейді, Елбасының нағашы атасы молда болғанын біреу білсе, біреу білмейді.
Кітапханадан шыққан соң, имамдар Ұлттық музейге жол тартты. Ол жақта шежірелі еліміздің ғасырлар бойғы тарихынан сыр шертетін ұлттық жәдігерлермен танысты. Осылайша ҚМДБ-ның 8 өкілдігінен бас қосқан имамдар Тұңғыш Президент күнін атап өтті.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ummet.kz
04.12.2018
3541
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру