Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

06 Қазан 2026

24 Рабиғул ахир 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Президент Әкімшілігінің сектор меңгерушісі Ғалым Шойкин имамдарға семинар жүргізді (ФОТО)

www.ummet.kz 30.11.2018 3532 0 пікір
Президент Әкімшілігінің сектор меңгерушісі Ғалым Шойкин имамдарға семинар жүргізді (ФОТО)

Астана қаласындағы Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығында діни кадрлардың біліктілігін арттыру курсы аясында Ғалым Нұрмағанбетұлы имамдарға зайырлы мемлекет пен теріс ағымдармен жұмыс жөнінде семинар жүргізді. Семинар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 8 өкілдігінен жиналған дін қызметкерлерімен еліміздегі діни ахуал барысы, дін саласына қатысты мемлекеттік саясат жайы да талқыланды.

Сондай-ақ, семинарға «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы, Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығының директоры Асқар Мұқанов қатысты.

Айта кетейік, имамдардың біліктілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға арналған қысқа мерзімді курс әлі де жалғасуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру