Алматы облысы6 Текелі қаласының мәдениет үйінде «Елшілердің мөрі» атты рухани Мәуліт кеші өтті. Мұсылмандар үшін ерекше саналатын бұл мереке адамзаттың асыл тәжі, Мұхаммед пайғамбарымыздың ﷺ туған айына орайластырылған.
Шара барысында Текелі қаласының әкімі Бақтияр Әлтайұлы Мәуліт мерекесімен жиылған барша халықты құттықтады. Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы Пайғамбар өмірінен үзінді айтумен қатар, дінаралық келісім мен ынтымақты насихаттаудағы қажырлы еңбектері үшін бірқатар азаматтарға алғыс хаттарын табыстады. Текелі қалалық «Керімбек би» мешіті және Текелі қалалық Зекет қорының атынан мүмкіндігі шектеулі 5 отбасыға қаржылай сертификат табысталды.
Шараға Көксу ауданы "Самға" театрі бағдарламаларын ұсынып, тәрбиелік мәні мол сахналық қойылымдар көрсетті. Шара соңында мәуліт кешіне жиылған халыққа дастархан жайылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
29.11.2018
3405
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру