Кеше Әйтекеби ауданында «Адамзаттың абзалы» атты Мәуліт кеші өтті. Кеште аудан әкімі Мәлімбет Ерғалиұлы алғы сөз сөйлеп, барша мұсылман жамағатын берекелі Мәуліт айымен құттықтады. Өкіл имамның жолдауымен шараға арнайы қатысқан облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев «Пайғамбардың ﷺ өнегелі өмірі» тақырыбында насихат айтты.
Ал аудан жастарынан құрылған «Замандас» халықтық театры «Жақсылық жасауға асығайық!», «Жетімнің ақысы» тақырыптарында бірнеше театрлық қойылымдар ұсынды. Кеште Әйтекеби ауданы имамының уақытша міндетін атқарушы Тілесұлы Ғабидолла және Жақияев Қази Мәуліт жырын орындап, Пайғамбарға ﷺ салауаттар жолданды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
29.11.2018
3162
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру